Opensourcinglove – танымдық бұрмалануларға негізделген трансмедиалық жоба.
OSL командасы қоршаған әлемде жүрек дизайнына ұқсас адам қолымен жасалмаған үйлесімді және абстрактілі формадағы нысандарды таба алатын қоғамдастықты қалыптастырумен айналысады.
Бұл формаларды асфальтте, ағаштардың бастарында, сырылған бояудың текстурасында, тастарда және т.б. жерлерде көреміз.
OSL командасының көркемдік әдісі медиумдар мен дизайн тәжірибелеріне негізделген. Осылайша, олар өнер туындыларын, инстаграм фильтрлерін, пошта карталарын, перфоменстерді және Are.na платформасында краудсорсингті жасады. Оны кез-келген адам толықтыра алады.
Қазіргі уақытта 15 елдің тұрғындары OSL онлайн-кітапханасын толықтырды.
Болашақта команда өз техникалары мен медиумдарының арсеналын толықтыра отырып, тәжірибелерді жүргізуді жалғастырғысы келеді. OSL командасы әсіресе инсталляциялармен, жаңа технологиялармен және топографиялық карталармен жұмыс істеуге қызығушылық танытады.
19 маусым сағат 20:00-де
Мекен-жай: Луганского, 54 /#несанаторий
Кіруі тегін